Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2026 жыл 27 наурызда төртінші рет республикалық «FARABILAND-2026» балалар шығармашылығының байқауы ұйымдастырылып, байқау «Дәстүрлі ән» және «Аспапты музыка» номинациялары бойынша өтті. Еліміздің Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан мен Астана қалаларынана 150 ден аса бала қатысты.
Қатысушылардың өнерін бағалау үшін Өнер саласындағы белгілі әртістері мен ұстаздарынан әділ-қазылар алқасы құрылды. Жүлделі орындарға ие болған балалар дипломдар, естелік сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар арнайы сертфикаттарға ие болады.