Лагерьдің ерекшелігі ғылыми - технологиялық STEАM робототехника, бағдарламалау бағытында. Лагерьге 6 – 12 жас аралығындағы балалар қабылданды. Лагерьде әр күнге кесте бойынша сабақтар қойылды. Балалар әртүрлі платформаларда жұмыс жасау арқылы ғылыми - технологиялық бағытында білімдерін шыңдады. Қосымша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзу, керамика, театр бөлімінің дайындаған «Сиқырлы тұмар және Дэф» атты қойылымын тамашалап, планетарийде мультфильм көріп, танымдық-музыкалық бағдарламаларға қатысты. Балаларға «SANA center of crative education» робототехника лагерінде демалған ұнады деген сенімдеміз. 1- ауысымда 36 бала демалды.