A
F
O
S

"Шұғыла" орталығы ұйымдастырған концерт өтті

Астана қаласы әкімдігінің «әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК-ның филиалдары «Шұғыла» атты комьюнити орталығының ұйымдастыруымен ерекше көңіл-күй сыйлаған концерт өтті. Сахнада балалар өз өнерлерін паш етіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түрлі-түсті костюмдер киіп, жарқын күлкісімен сахнаны жайнатып жіберген бүлдіршіндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт барысында балалардың шығармашылық қабілеті, сахна мәдениеті мен өзіне деген сенімділігі ерекше байқалды. Шара соңында барлық қатысушылар қошеметпен марапатталып, ата-аналар мен ұстаздар алғыстарын білдірді.
Шұғыла орталығының осындай іс-шаралары балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жан-жақты дамуына зор үлес қосуда.