A
F
O
S

«СӘН FEST»: киім үлгілері және концерт

2026 жылдың 03.03 күні, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «СЭН FEST» ұлттық сәнді киімдер үлгісінің дефилесі мен мерекелік концерт өтті.
Іс-шара аясында әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы тәрбиеленушілерінің ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген заманауи киім топтамалары және @proftech_college Техникалық колледж студенттерінің киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Дефиле барысында ұлттық киімдердің жаңаша интерпретациясы, дәстүр мен заманның үндесуі паш етілді .
Мерекелік концерттік бағдарламада:
* Ұлттық ұлан вокалды ансамблі 
* «Нұршашу» және «Гакку» хореографиялық ансамбльдері 
* «Релиз» заманауи би студиясы 
* «Раян» вокалды тобы 
өнер көрсетті. Сонымен қатар, «ALTYN ANA» аналар мектебінің тәрбиеліміз Ардақ Игенова құттықтау сөзін айтып, өлеңін оқыды.
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының белсенді аналарына құттықтау хаттар мен гүл шоқтары табысталды.