Астана қаласы әкімдігінің №68 мектеп-гимназиясындағы «Шұғыла» комьюнити орталығында 2026 жылғы 25 сәуірде «Тамыры – дәстүр, болашағы – технология» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды семинар өтті.
Семинардың мақсаты – білім беру процесінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және заманауи технологияларды меңгерту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің кең мүмкіндіктерімен танысып, оны сабақ барысында қолданудың нақты әрі тиімді тәсілдерін үйренді.
Атап айтқанда, мәтін генерациялау, аудиоға айналдыру, тапсырмалар құрастыру және визуалды материалдар әзірлеу бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.