A
F
O
S

«Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалі

2025 жылдың 5–6 қараша күндері Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті.
Фестиваль барысында балалар мен олардың қатарластары бочча, жеңіл атлетика және көңілді эстафеталар бойынша өз бақтарын сынап, белсенділік пен командалық рух танытты.
Аталған іс-шара қоғамда инклюзия қағидаттарын кеңінен насихаттап, әр балаға тең мүмкіндік берудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.