A
F
O
S

Вокал және аспаптық музыка апталығының ашылуы

Вокал және аспаптық музыка бөлімінің апталығы әсем әуенмен өз шымылдығын ашты. 
Ашылу салтанатында гитара және барабан үйірмелерінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Күмбірлеген гитара үні мен екпінді барабан ырғағы кешке айрықша серпін беріп, апталықтың мазмұнды да әсерлі өтетінінен хабар берді.
Жас өнерпаздардың сахнадағы сенімділігі мен шығармашылық шеберлігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір орындалған шығарма — шабыттың, тынымсыз еңбектің және шығармашылық ізденістің жарқын жемісі болды.
Осылайша, апталық өнердің қуанышы мен шығармашылық шабыттың айрықша мерекесіне айналды.