2026 жылдың 10 ақпанында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – Адал азамат жолы» қалалық байқауы өтті. Іс-шара елорда мектеп оқушылары арасында пікірсайыс форматында ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа қаланың әр ауданынан 12 мектептен шамамен 120 оқушы қатысты. Қатысушылар заң нормаларының күнделікті өмірдегі маңызы, азаматтың жеке жауапкершілігі және құқық бұзушылықтардың салдары жөнінде өз көзқарастарын білдірді.
Ашық диалог форматы оқушыларға құқықтық білімдерін көрсетуге ғана емес, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын ашық айтатын, сөзге шешен, елжанды азамат ретінде ойларын анық әрі еркін жеткізуге мүмкіндік берді.