A
F
O
S

Жаңа инновациялық орталық

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы «Цзянсу – Орталық Азия» Жастардың жасанды интеллект инновациялық орталығын құру мәселесі талқыланды Оқушылар сарайында «Цзянсу – Орталық Азия» Жастардың жасанды интеллект инновациялық орталығын құруға арналған халықаралық семинар өтті. Жаңа орталық дарынды жастарды қолдауға, инновациялық жобаларды іске асыруға және жасанды интеллект пен заманауи технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған алаңға айналады. ?? Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Акпарова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет, Республикалық білім сапасын бағалау орталығының директоры Сейфулла Смайылов, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің, білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. ?? Қытай делегациясын Цзянсу провинциясы Білім департаментінің басшысы Цзян Юн басқарды. Делегация құрамында Цзянсу провинциясы Білім департаментінің, Сучжоу университетінің, Нанкин индустриялық-кәсіптік техникалық университетінің, «Phoenix» баспа тобының және Нанкин инженерлік институтының өкілдері болды. Семинар барысында тараптар Цзянсу провинциясының кәсіптік білім беру мен өндірісті ықпалдастыру тәжірибесін, бірлескен оқу-тәжірибелік базаларды құру перспективаларын, кәсіптік білім беру стандарттарын өзара тану мәселелерін, сондай-ақ экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін кадрлар даярлау бағыттарын талқылады. Дарынды оқушыларды қолдау, зерттеушілік, инженерлік және цифрлық құзыреттерді дамыту, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жастардың жасанды интеллект саласындағы білім беру және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі ретінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Цзянсу провинциясы Білім департаменті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, тәжірибе алмасу, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және дарынды жастарды қолдауды көздейді.