A
F
O
S

Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогикалық кеңес

2025 жылдың қыркүйек айында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 2025–2026 оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі педагогикалық кеңес өтті.
Кеңес барысында жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттар мен басым міндеттер талқыланды. Сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Жиын соңында алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ұстаздарға шығармашылық табыс пен сәттілік тілектері айтылды.