A
F
O
S

Жас актерлердің ашық сабағы

үгін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы қабырғасында «Дом» театр студиясының ашық сабағы өтті. Студия жетекшісі — Джиренбаева Алия Төлегенқызы. Ол — «Оян Қазақ» театрландырылған қойылымының режиссері әрі сценарисі, көптеген спектакльтердің авторы және балаларды сахна арқылы өз болмысын ашуға шабыттандырып жүрген жан. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Пигмалион» шешендік өнер студиясы мен бірлескен сабақ өткізілді. Студия жетекшісі Нагорнова Ирина Ивановна өз тәжірибесімен бөлісіп, дауыс пен тынысты ашуға арналған шеберлік сағатын өткізді. Ол анық сөйлеу, дұрыс тыныс алу және өз-өзіңді сенімді ұстаудың маңызын ерекше көрсетті. Оқушылар бір жыл бойы атқарған еңбектерін жоғары деңгейде көрсете білді: монологтар оқып, пластикалық флешмобтар орындап, тыныс алу мен сөйлеуге арналған жаттығулар жасады. Мұның бәрі тек актерлік шеберлікті ғана емес, өзіне деген сенімділікті, эмоцияны, пластиканы және сахнаны сезінуді дамытады. Іс-шараға арнайы қонақтар мен ата-аналар қатысып, балаларға үлкен қолдау білдіріп, олардың шығармашылық өсімі мен еңбегіне жоғары бағасын берді. Актер — жан-жақты тұлға. Ол жарқын, икемді, сезімтал әрі жан дүниесі бай адам. Ал дәл осындай қасиеттер театр өнерінің шынайы болмысын аша түседі.