A
F
O
S

«Жас Сәнгер»

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының Арт-дизайн бөлімі оқу жылын қорытындылап, сұлулық пен сиқырға толы «Жас Сәнгер» атты есеп беру сән кешін өткізді. 
Бір жыл бойы қиялына қанат бітіріп, тынымсыз еңбек еткен жас дизайнерлеріміз бен шеберлеріміздің қолынан шыққан эксклюзивті туындылар үлкен подиумда жарқырай көрінді. Ең бастысы — бұл ерекше киімдерді үйірме тәрбиеленушілерінің өздері дефиле арқылы көпшілікке паш етті! 
Кеш барысында «Қолөнер», «Жас дизайнер», «Тоқыма», «Киімді модельдеу», «Маникюр», «Визаж», «Шаштараз өнері» үйірмелерінің тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, шеберлік сағаттары өткізілді. 
Жас дизайнерлеріміздің қиялынан туып, асқан шеберлікпен тігілген ерекше туындылар сән әлемінің болашағының жарқын екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, кештің нағыз көркіне айналды.