A
F
O
S

Жеңіл атлетикадан Орта Азия чемпионаты

17 мамыр мен 20 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан U18 жеткіншектер арасында Орта Азия чемпионаты болып өтті. Жарысқа Қазақстан ,Қытай,Гонгонг,Қырғызстан.Түркіменстан,Тәжікстан ,Өзбекстан елдерінен 200 аса спортшылар қатысып жүлделерді сарапқа салды. Осы жарысқа Қазақстан елінің намысын қорғаған Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының жас спортшысы Батырұлы Бейбарыс 100 метрге жүгіруден 2-орын ,200 метрге жүгіруден 3-орын  алса, 4*100 эстафета жүгіруден 1-орын иеленіп жарыс чемпионы атанды. Жарыс жеңімпаздары кубок,медалдар мен дипломдар мен марапатталды. Батырұлы Бейбарыс келесі жылы өтетін Әлем біріншілігіне жолдама алды.
Жаттықтырушы Қабидолда Қуандық.