A
F
O
S

«БАЛАЛЫҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ» ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНЕ ЖАЗЫЛУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының  «Балалықтың бойтұмары» жазғы лагерінің 1- ауысымы 2025 жылдың 26 мамырында басталады. Лагерьге     7 – 11 жас аралығындағы балалар қабылданады. 1 ауысым 10 күнді құрайды. Лагерьдің уақыты: таңғы 8.30-дан түскі 14.00-ге дейін. Балалар таңғы ас және түскі ас ішеді. Лагерьде балалар кесте бойынша бірнеше үйірмелерге қатысады. Олар: бассейн, мұзда сырғанау, хореография, вокал, шахмат, қолөнер, бейнелеу өнері, т.б үйірмелер. Сонымен қатар балалар театр қойылымын тамашалай алады. Планетарийде мультфильм көріп, танымдық-музыкалық бағдарламаларға қатыса алады. Лагерьге тіркеу жүргізілуде. Лагерьдің бағасы:  35 000 теңге.
Байланыс телефоны: 91-84-82, 91-84-83 (внутр. 1125)
 
Сондай-ақ, өтінімді сілтеме арқылы жіберуге болады https://afos.edu.kz/summer-camp/balalykty-bojtmary-zazgy-demalys-lageri