A
F
O
S

Әдіскер

жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, 2023 жылғы 29 тамызынан бастап 2023 жылғы 05 қыркүйекке (осы датаны қоса алғанда) дейін жүргізіледі. 1 (бірінші) қабат, 6-кабинет.
Бос лауазымдар атауы:
1.Әдіскер- 1 штаттық бірлік
 
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
бейін бойынша жоғары білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, компьютерде (Microsoft Word, Power Point) жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, қазақ және орыс тілдерін жоғары деңгейде меңгерген;
 
Функционалдық міндеттері:
- Бөлімнің әдістемелік жұмысын ұйымдастырады.
- Осы бағыттағы оқу-әдістемелік жұмыстың жағдайын талдайды.
- Қосымша білім беру мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, бөлім басшысымен бірлесіп осы бағыттағы оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлайды.
- Әдістемелерді жүйелейді және қосымша білім берудің ақпараттық материалдарын жасайды.
- Қосымша білім берудің білім беру және бос уақыт бағдарламаларын жоспарлауға қатысады.
- Оқушылар сарайының сайтында және БАҚ-та бөлімнің жарнамалық-ақпараттық жұмысын қамтамасыз етеді.
- Қосымша білім беру педагогтерінің оқу-әдістемелік құжаттамасын, құралдарын (білім беру бағдарламалары, жабдықтардың типтік тізбесі, дидактикалық материалдар және т.б.) әзірлеуді, бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
- Жылына кемінде екі әдістемелік әзірлеме әзірлейді және шығарады.
- Қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын және тағылымдамаларын ұйымдастырады және өткізеді.
- Бөлімнің эксперименттік жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
- Әдістемелік бірлестіктің, бөлім кеңестерінің құжаттамасын жүргізеді.
- Қосымша білім беру педагогтерінің анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.
- Қалалық, өңірлік, республикалық, халықаралық конкурстарды өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
- Сабақтар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша әдістемелік материалдарды дайындауда консультативтік және практикалық көмек көрсетеді.
- Өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады.
 
Қосымша дағдылар:
  • Іс-шараларды жүргізе білу (дикция және дауыс, микрофонмен жұмыс);
  • Сценарий жаза білу;
  • Өз авторлық бағдарламасын әзірлеу;
  • Жобаларды құру және басқару.
Білуі тиіс:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары;
2.Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер;
3.Педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
4.Басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
 
Құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

126000-149580 теңге

126 000 теңгеден 149 580 теңгеге дейін (сағаттардың толық жүктемесінде жалақы санатқа, өтілге және білімге байланысты, қосымша ақысыз)
Білім беру мекемесінің атауы:
Астана қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК
Орналасу жері және пошта мекен-жайы:
Бауыржан Момышұлы көшесі, 5 ғимарат
Телефон:
87172701212, 87172701213
Хаттама №12
PDF, 1.34 Мб
Қарау
15 қосымша
DOCX, 0.02 Мб
Қарау
16 қосымша
XLS, 0.05 Мб
Қарау