A
F
O
S

Қосымша білім беру педагогтары

2026 жылғы 28 тамыздан бастап 08 қыркүйекке дейін (қоса алғанда), жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00–14:00 аралығында. Құжаттарды қабылдау орны: Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 5-үй, 1-қабат, 6-кабинет.
Бос лауазымдар:
1. Софт моцарт, пианинодан қосымша білім беру педагогы (оқыту қазақ тілінде жүргізіледі) – 16 сағ.
2. Көркем гимнастикадан қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
3. Робототехникадан қосымша білім беру педагогы – 18 сағ.
4. Вокалдан қосымша білім беру педагогы (бала күтімі бойынша демалыстағы педагог орнына) – 18 сағ.
5. Каратэдан қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
6. Баскетболдан қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
7. Математикадан қосымша білім беру педагогы – 20 сағ.
8. Самбодан қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
9. Жүзуден қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
10. Қазіргі заманғы биден қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
11. Актерлық шеберліктен қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
12. Әдіскер – 1 штаттық бірлік.
13. Педагог-ұйымдастырушы – 1 штаттық бірлік.
 
№24 мектептегі филиалға:
1. Вокалдан қосымша білім беру педагогы – 16 сағ.
2. Шахматтан қосымша білім беру педагогы – 8 сағ.
 
№68 мектептегі филиалға:
1. Домбырадан қосымша білім беру педагогы – 12 сағ.
2. Футболдан қосымша білім беру педагогы – 8 сағ.
 
№69 мектептегі филиалға:
1. Қазақша күрестен қосымша білім беру педагогы – 8 сағ.
 
№80 мектептегі филиалға:
1. Ағылшын тілінен қосымша білім беру педагогы – 24 сағ.
 
Е-496 көшесіндегі филиалға:
1. Шахматтан қосымша білім беру педагогы – 8 сағ.
 
Құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
3. Кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілген).
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері.
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
6. Денсаулық жағдайы туралы 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
7. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары жоқтығы туралы анықтама.
8. Наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
9. Аттестаттау нәтижелері туралы сертификат немесе біліктілік санаты барын растайтын куәлік (бар болса).
10. Ағылшын тілі педагогы лауазымына үміткерлер үшін — сертификат (CELTA, DELTA, IELTS – кемінде 6,5 балл, TOEFL iBT – 60–65 балл) немесе біліктілік санатын растайтын құжат.
11. Педагогтің бос не уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы (Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес).
12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан берілген ұсыным хат.
Білім беру мекемесінің атауы:
Астана қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Орналасу жері және пошта мекен-жайы:
Бауыржан Момышұлы көшесі, 5-үй
Телефон:
8 (7172) 97-84-24,
15 қосымша
DOCX, 0.02 Мб
Қарау
16 қосымша
XLS, 0.05 Мб
Қарау