A
F
O
S

Қосымша білім беру педагогы

жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, 2023 жылғы 15 қарашасынан бастап 2023 жылдың 22 қарашасына (осы датаны қоса алғанда) дейін жүргізіледі. 1 (бірінші) қабат, 6-кабинет
Бос лауазымдар атауы:
1. Вокал үйірмесінен қосымша білім беру педагогы -16 сағат
2. Вокал үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-16 сағат
3. Сурет салу үйірмесінен қосымша білім беру педагогы -12 сағат.
4. Гимнастике үйірмесінен қосымша білім беру педагогы -16 сағат.
5. Асық ату үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-8 сағат
6. Радиоэлектротехника бойынша қосымша білім беру педагогы-12 сағат
7. Қол өнер үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-8 сағат
8. Үстел теннисі үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-12 сағат
9. Атлетикалық туризм (тренажер фитнес тренер) үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-12 сағат
10. Актерлік шеберлік үйірмесінен қосымша білім беру педагогы– 8 сағат
 
Астана қаласы, Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан филиалға
 1. Робототехника үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-8 сағат
 2. Хореография үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-12 сағат
 3. Каратэ үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-12 сағат
 4. Грек-рим үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-12 сағат
 
Астана қаласы, №24 мектебінде орналасқан комьюнити орталығына
 1.Хореография үйірмесінен қосымша білім беру педагогы -12 сағат.
 
Астана қаласы, №42 мектебінде орналасқан комьюнити орталығына
 1. Домбыра үйірмесінен қосымша білім беру педагогы– 12 сағат
 2. Хореография үйірмесінен қосымша білім беру педагогы -12 сағат
 
Астана қаласы, №68 мектебінде орналасқан комьюнити орталығына
1.Вокал үйірмесінен қосымша білім беру педагогы– 4 сағат
 
Астана қаласы, №80 мектебінде орналасқан комьюнити орталығына
1.Домбыра үйірмесінен қосымша білім беру педагогы– 8 сағат
 
Астана қаласы, №90 мектебінде орналасқан комьюнити орталығына
1.Ағылшын тілі үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-16 сағат
 
Астана қаласы, Тамшалы 24 көшесінде орналасқан комьюнити орталығына
1.Домбыра үйірмесінен қосымша білім беру педагогы-12 сағат
 
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
Тиісті мамандық бойынша орта және жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, мемлекеттік тіл бойынша өз білімін үнемі арттыратын (қазақ).
 
Функционалдық міндеттері:
1.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
2.Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді.
3.Бағыт бойынша қосымша білім берудің білім беру және бос уақыт бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалу сапасына жауап береді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестігі білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің) құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.
4.Психофизиологиялық, әлеуметтік-экономикалық мақсатқа негізделген жұмыс түрлерін, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді.
5.Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, олардың дамуына ықпал етеді, бағыт бойынша тұрақты кәсіби қызығушылықты, оқушылардың адамгершілік-рухани тұлғасын қалыптастырады.
6.Дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдайды.
7.Қалалық, өңірлік деңгейлерде әртүрлі нысандағы балалармен жұмыс жоспарларын және бағдарламаларын жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.
8.Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
9.Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады.
10.Ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ бағыт бойынша педагог қызметкерлерге консультациялық көмек көрсетеді.
11.Бейінді әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады.
12.Бағыт бойынша Астана қаласы мен республиканың мектептен тыс ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерінің нәтижелі тәжірибесін зерделейді және балалармен жұмыста пайдаланады.
13.Қосымша білім беру педагогының жұмыс уақытын есепке алуды директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары жүргізеді.
          
Білуі тиіс:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, "Бала құқықтары туралы Конвенцияны", "Тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы" Заңдарын және білім беру мен тәрбие мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
2.Жас ерекшеліктеріне байланысты және арнайы педагогиканы, психологияны, физиологияны, гигиенаны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін.
3.Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту ерекшеліктерін, олардың шығармашылық қызметінің негіздерін.
4.Таланттарды іздеу және қолдау әдістемесін; ғылыми-техникалық, эстетикалық, туристік-өлкетану, сауықтыру-спорттық және бос уақыт қызметін, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін, мазмұнын.
5.Үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын.
6.Балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін.
7.Оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін.
8.Еңбек туралы заңнама негіздерін; санитариялық ережелер мен нормаларды.
9.Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.
10.Заманауи білім беру және компьютерлік технологияларды.
 
Құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

83000-150000 теңге

12 сағаттық жүктемені есептегенде (еңбек өтілі, білімі, санаты) байланысты 83 057,92-ден 112 081,0-ге дейін 16 сағаттық жүктемені есептегенде (еңбек өтілі, білімі, санаты) байланысты 110 743,9-дан 149 441,34-ке дейін
Білім беру мекемесінің атауы:
«Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК
Орналасу жері және пошта мекен-жайы:
Бауыржан Момышұлы көшесі, 5 ғимарат
Телефон:
87172701212, 87172701213
№17 хаттама
PDF, 1.66 Мб
Қарау
15 қосымша
DOCX, 0.02 Мб
Қарау
16 қосымша
XLS, 0.05 Мб
Қарау