A
F
O
S

Қалалық симпозиум "ДАНА АНА-АЛТЫН БАЛА"

Әл - Фараби атындағы Оқушылар сарайында  8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен «DANA ANA-ALTYN BALA» атты қалалық аналар симпозиумы өтті.Қалалық симпозиумға көп балалы аналар, Астана қаласы мектептері оқушыларының аналары, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері және ардақты әжелер қатысты. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы Аналар мектебінің төрайымы А.Игенова, ақын, жазушы Ғалия Құсайынқызы өздерінің тәжрибелерімен бөлісті. Симпозиум барысында жас ұрпақтың бойына саналы тәрбие сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасының беріктігі мен берекесін арттыру бағытында рухани әңгіме өрбіп, тәжірибе алмасу болды. Симпозиумның соңында Аналарға  балалардың өздерінің қолдарымен жасаған естелік сыйлықтары мен Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің атынан гүл шоқтары табыс етілді.