A
F
O
S

«Тіл- кемел болашақтың тұғыры» Meet-UP форматындағы кездесу өткізілді

2024.09.09 күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, 5 қыркүйек - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл- кемел болашақтың тұғыры»  Meet-UP форматында кездесу өтті.  Кездесу әдістемелік бөлім, «Лингвистика» бөлімінің оқытушылары және жас мамандардың қатысумен өтті.  Тіл саласындағы мамандар өзара пікір алмасып, тілді оқытудағы кездесетін мәселелерді талқыға алды. Сонымен қатар, сабақта қолданылатын жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Жаңашылдыққа жол ашып, білім сапасын жаңғырту мақсатында , биылғы оқу жылында оқу-тәрбие процесіне «Біртұтас - тәрбие» бағдарламасы мен «Жасанды интеллект» технологиясын енгізуде әдістемелік көмек көрсетілді.